2026 жылдың басында нарыққа ерекше технологиялық жаңалық – жұптарға арналған ақылды сақиналар шығарылады. Жоба авторлары бұл құрылғыны "қарым-қатынасты нығайту құралы" деп сипаттап отыр.
Ақылды сақиналар адамның жүрек соғысын, дауыс реңкін, қимыл-қозғалысын бақылайды, басқа да ерекше белгілер байқалса, бұл туралы серігіне бірден хабарлама жібереді.
Құрылғының негізгі функциялары:
– жүрек соғысы мен физиологиялық өзгерістерді өлшеу;
– дауыстың эмоционалды реңкін талдау;
– дене қозғалысын бақылау және интерпретациялау;
– «опасыздық жасады» деген белгі пайда болған сәтте серіктеске автоматты түрде ескерту жіберу.
Кей сарапшылар бұл технологияны этика мен жеке шекараға өту деп бағаласа, авторлар керісінше – құрылғы жұптардың арасындағы ашықтық пен сенімді арттырады дейді.
RAW сақиналары 2026 жылы сатуға шығарылады. Жаңа құрылғы қарым-қатынас динамикасын өзгертетін технологиялық трендтің басы болуы мүмкін.