Шығыс Қазақстанда жоғалып кеткен екі адам іздестіріліп жатыр

1 мамыр, 2025 / Алуа Арман
volontery_uka_lider.kz

Риддер мен Алтай қаласының маңында із-түссіз жоғалып кеткен екі ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінің мәліметінше іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, әскерилер, еріктілер мен жергілікті тұрғындар тартылған. Орман-тау, өзендер қаралып жатыр.

Жоғалып кеткен адамның бірі – 42 жастағы Иван Ушаков. Ол 14 наурыз күні таңда үйден шығып, сол күйі оралмаған.

Іздестіріліп жатқан екінші адам – Александр Воробьев 2024 жылдың 9 қарашасында үйінен шығып, содан кейін оралмаған.

Тэгтер:

Риддер іздестіру Алтай із-түссіз жоғалып кеткен