Қазгидромет мамыр айына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше көктемнің соңғы айында орташа ауа температурасы нормадан 1 градус жоғары болады.
Республика бойынша жауатын жауын-шашын көлемі жылдағыдан азырақ болмақ.
Мамырдың алғашқы он күндігінде найзағай ойнап, жауын жауып, жел күшейеді. Елдің оңтүстік-батысында дауыл тұрады.
Мамырдың екінші және үшінші он күндігінде түнде ауа температурасы +2+7 градустан +10+15 градусқа дейін, ал күндіз 10+15 градустан +25+30 градусқа дейін барады.