Үш апалы-сіңілі шешелерінен қалған үйді бөлісе алмай, соттасқан

1 мамыр, 2025 / Алуа Арман
pixabay.com

Тараз қалалық соты шешелерінен қалған мүлікті бөлісе алмаған апалы-сіңілілердің ісін қарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Үш қыз әке-шешелері қайтыс болғаннан кейін қалған үйді бөлісе алмаған.

Сотта олар медиациялық келісімге келді. Татуласу нәтижесінде олар пәтерді үшке бөлетін болды.

Қыздардың біреуі өз үлесін сіңілісіне 3 млн теңгеге беретін болып келіскен.

Сот бұл келісімді бекітті. Тараптардың келісімге келуіне байланысты іс өндірісі тоқтатылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Сот үй мұрагерлік мүлік бөлісу апалы-сіңілі