«Мбаппені басып озды»: 17 жастағы вундеркинд футболшы Ламин Ямаль тағы бір рекорд тіркеді

1 мамыр, 2025 / Дана Ізтілеуова

Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының тарихын жаңартты. Ол лиганың жартылай финалында жаңа жас рекордын тіркеген футболшы атанды.

«Барселона» ойыншысы Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы миландық «Интер» (3:3) командасына қарсы ойында 24-минутта гол соқты. Ол уақытта оның командасы 0:2 есебімен жеңіліп жатқан болатын.
 Ямальдің жасы – 17 жас және 291 күн. 

Opta-ның мәліметінше, Ямаль Чемпиондар лигасының жартылай финалында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Сөйтіп ол бұл көрсеткіш бойынша француз футболшысы Килиан Мбаппені басып озды. Мбаппе 2016/17 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ювентус» командасына гол соққан кезде 18 жаста болатын.

Тэгтер:

Килиан Мбаппе Чемпиондар Лигасы Ламин Ямаль