Түркістан облысында балаларды оңалту орталығы салынбақ

Бүгін, 13:25 / Дана Ізтілеуова

Түркістан облыстық маслихатының депутаты, "AMANAT" партиясының мүшесі Жәнібек Сүлейменов қоғамдық қабылдау бөлмесінде Сарыағаш ауданының тұрғындарын қабылдады. 

Қабылдауға келген тұрғындар ауылдық округтердегі дәрігерлік амбулаторияның, балаларға арналған оңалту орталығының салынуын, қаладағы көше атаулары, жарық шамдар орнатуға қатысты мәселелер көтерді.

Жәнібек Мұстапаұлы Құркелес ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория салу мәселесі алдағы уақытта қарастырылатынын айтты. 

Ал балаларды оңалту орталығына қатысты депутат жақсы жаңалық айтты. Самал мөлтек ауданында арнайы 3,6 га жер бөлініп, құжаттары сараптамадан өткеннен кейін қаржы қарастырылып құрылысы басталмақ. 

Сондай-ақ, Самал-3 мөлтек ауданындағы ауыз су мәселесін шешуге қажет қаржы қарастырылғанын, яғни мәселе жақын күндерде оң шешімін табатынын айтты.

Тэгтер:

Түркістан облысы Балаларды оңалту