Астанада Ш есімді азамат көп қабатты үйлердің бірінің лифтісіне кіріп, лифтінің есігі мен видеобақылау камерасын бірнеше рет ұрған, деп жазады turkystan.kz.
Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, мас күйінде құқық бұзушылық жасағанын түсіндірді.
Сотүкімімен ол әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Шығын өтелмегендіктен, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.