Алғабаста қисайған үйдің тұрғындары жаңа баспанаға қоныстанды

Алғабаста қисайған үйдің тұрғындары жаңа баспанаға қоныстанды

Алғабаста қисайған үйдің тұрғындары жаңа баспанаға қоныстанды
ашық дереккөзі
Алматыдағы Алғабас ықшам ауданында өткен жылы жазда қабырғасы қисайып, апатты деп танылған көп қабатты үйдің тұрғындары жаңа баспанаға қоныстанды деп хабарлайды 24.kz.
Жаңа үйге жұрт өткен аптадан бастап көшіп келе бастады. Әзірге 64 отбасы өз пәтеріне жайғасты. Қаңтарда құрылысы аяқталған үйге тұрғындар 1 сәуірден бастап көшіп келе бастады. Өткен жылы маусым айында 32 сантиметрге қисайған тоғыз қабатты үй қауіпті деп танылып, 200 адам көшірілген еді. Енді міне, олар екінші рет қоныс тойын тойлауда. Көп балалы ана Айгүл Борбекованың айтуынша, жаңа пәтердің сапасы көңілдерінен шыққан. Ал өткен жылы баспаналары апатты жағдайда болғанда «далада қалып қоямыз ба?» деп қорыққандарын айтады.
Айгүл Борбекова, Алғабас шағын ауданының тұрғыны:
- Үй береді делінгенмен барлығымызда күдік болды. Осы үйдің бірінші қабатынан, тоғызыншы қабаты көтерілгенше Алладан алдымен ауа райы бұзылмаса екен, жұмысшылар жаурап қалмаса екен, жаңбыр, қар жауып кетпесе екен деп, тоғыз ай бойы осы үйдің тілеуін тіледік. Қателіктен сабақ алған құрылыс компаниясының басшылығы енді бұл үйдің сапасы өзгелеріне қарағанда әлдеқайда артық дейді. Мұның тағаны тоғыз метр тереңдікке бойлай төселген. Әзірге жылу, жарық, ыстық және суық су берілген. Тұрғындар толық қоныстанғаннан кейін көгілдір отын қосылады. Тұрғындардың бұрынғы пәтері қанша шаршы метр болса, жаңа үйден де сондай пәтер берілген.
Қайрат Сандықбаев, «Астана құрылыс» ҰҚК» АҚ бірінші вице-президенті:
- 64 отбасы кірді. Енді сегізі келіп жатса, кілттерін беріп кіргіземіз. Дайындық, суы, жарығы, жылуы барлығы бар. Ал 32 сантиметрге ауытқыған апатты үйдің тағдыры қала басшылығы мен арнайы мамандардың арнайы кеңесінде шешілмек.