Қарағанды бастаған 8 қалада ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
— 2025 жылғы 1 мамырда ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Қарағанды, Жезқазған, Балхаш, Теміртау, Өскемен, Атырау, Ақтөбе, Астана қалаларында күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.