Мөлдір Әуелбекова той үстінде әкесімен би биледі (ВИДЕО)

30 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы
Ашық дереккөзден

Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде әкесімен билеген биінің видеосын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz.

Әнші тойда әкесімен құшақ биін билеген сәтін жариялап, ата-анасына алғысын жеткізді.

«Рақмет Әке - Ана! Барлығымыздың атымыздан, бізді шартсыз жақсы көретін Әкелер мен Аналарға ән арнадым! Қабыл алыңыздар! Біз Сіздерді қатты жақсы көреміз», - деді әнші Мөлдір Әуелбекова.

Желі қолданушылары әншіге ақ жарма тілектерін жазып жатты.

«Керемет жансыз, ата-анаңыз аман болсын», «Өте еңбекқор, шынайы екенсіз ғой», «Ата-анамыз жүз жасасын», - деген секілді жылы лебіздерін білдіріп жатты.

 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от • MOLDIR AUYELBEKOVA • (@moldir.auyelbekova)

Тэгтер:

әнші Мөлдір Әуелбекова әкесі құшақ биі