Танымал тележүргізуші Дина Төлепберген желіде қызу талқыланып жатқан Әлішер Елікбаевтың сұхбаты туралы айтты, деп хабарлады turkystan.kz.
Тележүргуші әріптесінің Шәріп Серікпен жасаған сұхбатын сынға алды. Оның сөзінше сұхбат тек өзін ақтап алуға арналғанын және обьективтілікті көре алмаған.
«Зорлықтың екі жағы болмайды екен. Қазір мен үшін бір ғана заң ғана бар: Қылмысты ақтауға, кешіруге, түсінуге болмайды. Қымбатты медиа саласындағы іні-сіңлілерім, әріптестер!
Сұхбат — жай әңгіме емес. Бұл — позиция. Кімге эфиріңді ұсынасың — соның үнін күшейтесің», - деді Дина Төлепберген.
Журналист 120 минутқа созылған сұхбатта жәбірленуші тарап туралы мүлде айтылмағанын алға тартты. Ал журналистикада екі жақты бірдей қарастыру темірдей тәртіп екені белгілі.