Еліміздегі қоғамдық орындарда намазханалар қайта ашылады

Еліміздегі қоғамдық орындарда намазханалар қайта ашылады

Еліміздегі қоғамдық орындарда намазханалар қайта ашылады
ашық дереккөзі
Жуырда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі намазханаларға қойылатын талаптарды қайта қарап, ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде (үй-жайларда) орындалатын діни іс-шараларға қатысты нұсқаулықтың жаңа редакциясын әзірледі. Осы нұсқаулықтағы басты жаңалық ретінде үй-жайлардың мемлекеттік ұйымдар мен мекемелерден 300 метрден кем емес қашықтықта орналасуына қойылған бұрынғы тыйымның күшінің жойылғанын айта кеткен жөн. Өйткені, бұл талап бүгінгі елді-мекендердің орналасу ерекшеліктеріне жауап бере алмайды. Нұсқаулықтың жаңа редакциясында темір жол және автовокзалдарда, әуежайлар мен порттарда, яғни адамдар еріксіз түрде ұзақ уақыт болатын орындарда діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайларды ашуға қойылған тыйым алынып тасталды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діндар азаматтардың қоғамдық орындарда емін-еркін құлшылық етуіне мүмкіндік туғызатын бұл қадам дер кезінде қабылданған шешім деп санайды. Өйткені, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына жер-жердегі мұсылман жамағаты тарапынан намазханаларды қайта ашу туралы өтініш-тілектер келіп түскен. Мемлекетіміз діндар қауымның сұранысы мен өтінішін басты назарға алып, барша ұлтты бірлік пен игілікке үндеген саясаттың зайырлы қағидаттарын ескеріп, намазханалардың қайта ашылуына мүмкіндік туғызып отыр.