Атыраулық 5 жастағы дирижер қыз көпті сүйсінтті (ВИДЕО)

30 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандағы ең кішкентай 5 жастағы дирижер Атырауда тұрады, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

Атырау облысы Исатай ауданынында бүлдіршіндерден құралған оркестр бар. Оркестрдің кішкентай өнерпаздарының ең үлкені 5 жаста, қалғандары 3-4 жасар бүлдіршіндер. 

«Құлыншақ» бөбекжай-бақшасының тәрбиеленушісі Ясина Нәбеннің дирижерлік таланты көпшілікті тәнті еткен. Ол оркестрге 3 жасынан бастап қатысып келеді.

«Оның шығарманың екпініне қарай қимыл қозғалысы, көзқарасы кәсіби мамандардан кем емес, музыканы сезінуі таң қалдырады», – дейді музыка жетекшісі Шұға Қайырлиева.

Тэгтер:

Атырау Балабақша қыз Бүлдіршін өнер дирижер