Тоқаев Люксембург премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті

Бүгін, 15:38 / Інжу Әлихан
Akorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембург премьер-министрі Люк Фриденмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады turkystan.kz.

Әңгімелесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылады. Әсіресе, энергетика, қаржы, цифрлық технология, инновация және басқа да салалардағы өзара тиімді кооперация мәселесіне баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Люк Фриден Еуропа Одағы аясындағы серіктестік әлеуетін пайдаланудың, сондай-ақ Бенилюкс елдерімен ықпалдастықты күшейтудің маңызына назар аударды.

Тэгтер:

Премьер-министр Люксембург