«Ұлы әкесіз өсіп жатыр»: Сабина Алтынбекова бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасы жайлы айтты

Бүгін, 10:55 / Алуа Арман

Белгілі қазақстанды волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарының сұрағына жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.

28 жастағы волейболшы наурызда өзінің жары Саят Салманұлымен ажырасып кеткенін мәлімдеген болатын. Жұбайлардың ортақ ұлдары бар. Сабинаның айтуынша ажырасу процесі әкесінің ұлымен қарым-қатынасына әсер етпеген.

«Әкесі ұлына толықтай көңіл бөледі. Олардың байланысы ерекше. Сондықтан ұлым айырмашылықты сезген жоқ», - деді волейболшы.

Сондай-ақ түрлі жарыстарға кеткенде ұлы өзінің анасымен қалатынын да жеткізді. Ал оқырмандарының «Сүйіктіңіз бар ма?» деген сұрағына «жоқ» деп жауап берген.

Тэгтер:

Ажырасу неке Сабина Алтынбекова волейболшы әкесіз өсу