18 сәуір күні Атырау облысының полициясы республикалық «Бекіре-2025» профилактикалық іс-шарасы барысында бекіре тұқымдас балығының уылдырығын заңсыз тасымалдаған әйел адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әйел адам қаладағы қонақ үйлердің бірінің маңында ұсталды. Жеке тінту барысында қолында қара полиэтилен дорбасынан 4 пластикалық ыдысқа салынған бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылып, тәркіленді.
Табылған уылдырықтың жалпы салмағы 2,006 кг құрады.
Қазіргі уақытта соттық-биологиялық және тауартанушылық сараптамалар тағайындалды.
Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.