Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгін, 06:34 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін Атырауда жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

- 2025 жылғы 30 сәуірде ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары түнде Атырау қаласында туындайды,-делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.