«Қазгидромет» РМК-сы еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Астанада 30 сәуірде солтүстік-батыстан соғатын жел соғып, оңтүстік батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с. Түнде 1-3 градус үсік жүреді.
30 сәуірде түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Түнде және күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Жел солтүстік батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с, күндіз облыстың оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігідне жоғары өрт қауіпі күтіледі.
30 сәуірде түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Жел солтүстік батыстан, солтүстіктен соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында, орталығында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстік батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сқталады.
30 сәуірде түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік жүред. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 сәуірде түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік жүреді. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
30 сәуірде түнде Түркістан облысының солтүстік-батысында қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында найзағай ойнап, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік батыстан солтүстік шығысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.
30 сәуірде түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында, шығысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
30 сәуірде Маңғыстау облысында оңтүстік шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың солтүстік шығысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
30 сәуірде Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл тұрады. Жел солтүстік шығыстан соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Облыс бойынша жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 сәуірде түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 1-3 градус үсік жүреді.
30 сәуірде Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 сәуірде Атырау облысында оңтүстік шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 сәуірде түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында 3 градус үсік жүреді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
30 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік батыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 3 градус үсік жүреді.
30 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында батыстан, оңтүстік батыстан жел соғады, түнде күші 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 23 м/с.
30 сәуірде түнде Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
30 сәуірде түнде Жамбыл облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың таулы аудандарында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік батысында, солтүстік шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. 30 сәуірде облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
30 сәуірде Жетісу облысында найзағай ойнайды. Облыстың таулы аудандарында бұршақ жауады. Оңтүстік батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 24-29 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.