Солтүстік Қазақстан облысының Булаево қаласының ауруханасында ағаш құлаған әйел адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өңірде екі күннен бері ауа-райы бұзылып тұр. Секундына 32 метрге дейін қатты жел соққан.
Жақындарының бейітінің басына барған әйелге ағаш құлап кеткен.
«Қоңырау 11:58-де түсті. Әйел адам аудандық аурухананың қабылдау бөліміне түсті. Түскен кезінде жағдайы өте ауыр болды. Өкпе-жүрегіне реанимациялық процедуралар жасалғанымен, әйелге көмегі болмады. Ол көз жұмды», - деді аудандық аурухана өкілі.
Көз жұмған әйел адам 69 жаста болған.