Алматыда қарызы бар адамдардың пәтері электр жарығынан ажыратылады

29 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

12 мамырдан бастап Алматыда жарық ақысын төлемеген тұрғындардың пәтерін электр жарығынан ажыратады. Бұл кезең-кезеңмен жүргізіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ ескертті.

Қала тұрғындарының жалпы қарызы 1,2 млрд теңгеге жеткен.

Жарық тек электр энергиясының ақысын уақытылы төлемейтін үйлерде ажыратылады. Қарызды толық өтегеннен кейін ғана электр энергиясы қайта беріледі.

«Электр энергиясы қарыз толық өтелгенге дейін уақытша тоқтатылады. Борышкерлермен мүлік иелерінің бірлестігі және тұрғын үй кооперативтері арқылы байланысамыз», - делінген хабарламада.

Тэгтер:

қарыз Алматы жарық электр энергиясы коммуналдық қызмет берешек