Астананың Байқоңыр ауданында орналасқан ірі қойма отқа оранды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өртті сөндіруге қатты жел кедергі жасаған. Дегенмен өрт сөндірушілер өрт ошағын оқшаулады.
Өртті сөндіру үшін 2 жауынгерлік учаске құрылған.
Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.