Павлодарда терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлады turkystan.kz.
Әлеуметтік желіде «Вatyr mall» сауда және ойын-сауық орталығында эвакуация болғаны туралы ақпарат тарады.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сауда-ойын-сауық орталығында мамандар тексеру жүргізді, жарылғыш құрылғылар табылған жоқ.
Полиция аталған фактіге қатысы бар адамды анықтау және ұстау бойынша жедел іздестіру іс-шараларын жүргізеді.
Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады. Сонымен қатар, дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін Қазақстан Республикасы ҚК-нің 273-бабына сәйкес 5000 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген.