Әскери қызметкерлердің құқығын бұзған лауазымды тұлғалар жазаланды

Бүгін, 16:07 / Алуа Арман
istockphoto.com

Мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған әскери қызметкерлердің еңбек құқықтары қалпына келтірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әскери прокурорлар Қорғаныс министрлігінің бірқатар әскери бөлімдерінің басшылығының мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған әскери қызметкерлердің еңбек құқықтарын бұзғанын анықтады.

Еңбек кодексінің 76-бабы 4-тармағына сәйкес, жұмыс беруші он сегіз жасқа толмаған мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған жұмыскерді оның жазбаша келісімінсіз түнгі уақытта жұмысқа тартуға құқығы жоқ.

Алайда аталған санаттағы 205 әскери қызметкер жазбаша келісімінсіз түнгі қызметке тартылған.

Бас әскери прокуратураның қадағалау актісі негізінде әскери қызметшілердің құқықтары қалпына келтірілді, түнгі уақыттағы қызмет заң талаптарына сәйкестендірілді.

Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 

Тэгтер:

әскери қызметкер әскери бөлім