Семейде абақтыда отырған азамат жұмбақ жағдайда көз жұмды

29 сәуір, 2025 / Алуа Арман
istockphoto.com

Семей абақтыларының бірінде жазасын өтеп жатқан азаматты белгісіз жағдайда өлтірген, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде Семейдегі №20 мекемеде төтенше жағдай орын алғаны туралы ақпарат тараған болатын. Қылмыс себебі белгісіз.

Полиция күдіктіні ұстады. Қылмыстық іс қозғалған.

«Қылмыс жасаған ккүдікті ұсталып, мекеменің айып изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», - деді Абай облысының Полиция департаменті.

Тергеу полиция басшылығының қатаң бақылауында.

Тэгтер:

Семей Түрме Сотталушы абақты