Алматы облысында ер адамды ұрып-соққан күдіктілер іздестіріліп жатыр

29 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Жанжалдың бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда үш жігіттің бір адамды жабылып ұрғанын көруге болады, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 27 сәуір күні таңертең Бесағаш ауылындағы «Нұрия» тұрғын үй кешенінің аумағында болғаны анықталды. Бұл жағдай бойынша полицияға азаматтардан арыз немесе хабарлама түспеген.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда көшедегі жанжалға қатысқан барлық тұлғаларды анықтау және ұстау бойынша шаралар қабылданды. Күдіктілер қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады», - деп хабарлады департаменттен.

Тэгтер:

Алматы облысы зорлық-зомбылық