Жылына бір рет сапарға шығу өмірді 20%-ға ұзартуға көмектеседі

29 сәуір, 2025 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Өмірді 20%-ға ұзарту үшін жылына бір рет демалысқа кету жеткілікті екенін ғалымдар есептеп шығарды. Бұл туралы washingtonpost.com жазды.

Жыл сайын бір аптаға демалысқа шығу – ұзақ өмір сүрудің қарапайым әрі тиімді жолы. Бұл туралы ғалымдар жаңа зерттеу нәтижесінде мәлімдеді.

Қысқа сапарлар да адамның күйзелісін азайтып, жүрек ауруларының қаупін төмендетеді. Ал жылына бір реттен көп демалатын адамдарда қант диабеті, инсульт және басқа да ауруларға шалдығу қаупі 25 пайызға дейін төмендейтіні анықталған.

Мамандар демалысты кейінге қалдырмай, денсаулық үшін тұрақты түрде демалып тұруға кеңес береді.

Тэгтер:

демалыс зерттеу сапар өмір сапарға шығу