Қытай көліктері қыстан қалай шықты? – зерттеу

Бүгін, 04:50 / Ербұлан Қайрат
сурет: istockphoto.com

Қытай көліктері қыстан қалай шықты? Авто.ру жүргізген жаңа зерттеуге 2 732 қытай көлігінің иесі қатысқан. Нәтижесінде, жүргізушілердің басым бөлігі биылғы қысты еш қиындықсыз өткізгені анықталған.

Қатысушылардың жартысынан астамы қыс бойы көлікке қатысты еш мәселе туындамағанын айтқан. Ал мінілгеніне 3 жылға толмаған қытай көліктерінің 35%-ы бірде-бір рет сервистік қызметке жүгінбеген, бұл – былтырғы көрсеткіштен 15% жоғары.

Жөндеу жұмыстарына кеткен шығын да азайған: жүргізушілердің 35%-ы 20 мың рубльден артық жұмсамаған, ал тағы 39%-ы 80 мың рубль шегінде қалған.

Дегенмен, сирек болса да, аязда мотордың қосылмауы, беріліс қорабы мен тежегіш жүйесіне қатысты қиындықтар кездескен. Бірақ ондай жағдайлар да өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда сирек.

Бұл – Авто.ру жасаған екінші ауқымды зерттеу.

Тэгтер:

көлік қыс қытай көліктері шыдамды жарамды