Шенеуніктер конкурс жеңімпазымен мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасасудан бас тартқан

Бүгін, 12:42 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жетісу облысының прокурорлары мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар үшін лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қаратал ауданы әкімдігінің Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы сумен жабдықтау желілерін салуға жарияланған конкурс жеңімпазымен 100 миллион теңгеден астам сомаға келісімшарт жасасудан негізсіз бас тартқан.

Сонымен қатар ол қайтадан сатып алу рәсімін өткізіп, бұл жолы басқа қатысушымен келісімшарт жасаған. 

Тағы бір жағдайда мердігер техникалық талаптарға сай келмейтін тауарларды жеткізген, алайда осыған қарамастан аудандық ТКШ бөлімі ол тауарларды қабылдап алған.

Бөлім басшысы мемлекеттік сатып алу саласындағы заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 130 АЕК (511 160 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.  

Прокуратура шара қабылдағаннан кейін мемлекеттік қызмет беделін түсіретін жағдайлар бойынша конкурс комиссиясының басқа да мүшелері тәртіптік жауапкершілікке тартылды, екі басшы мен төрт маманға қызметіне толық сай еместігі туралы ескерту жасалды.

 

Тэгтер:

Шенеунік мемлекеттік сатып алу келісімшарт лауазымды тұлға