Павлодарда жастарды ұрып-соғып, қорқытып, бопсалағандар ұсталды

Бүгін, 12:18 / Алуа Арман
polisia.kz

Павлодар облысында бопсалаумен айналысқан күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Олар екі қалада ұзақ уақыт бойы жоғары оқу орындары мен колледж студенттеріне қоқан-лоққы көрсетіп, физикалық күш қолданып, ақша, басқа да материалдық дүниелерді, сондай-ақ ақшалай және тауарлық несие алуды талап еткен.

Алдын-ала мәлімет бойынша ұсталғандардың есебінде бопсалауға байланысты 10-нан астам құқық бұзушылық бар. Бұл олардың қылмыстық қызметінің жүйелі сипатын растайды.

- Полиция өңірдегі студенттер мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда. Бұл операция қылмысқа қарсы күресте және азаматтардың құқықтарын қорғауда біздің ұстанымымыздың жарқын мысалы, - деп атап өтті Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Тэгтер:

Павлодар облысы бопсалау ұрып-соғу қоқан-лоққы