Ақмола облысының Ерейментау ауданында 28 сәуір күні кешкісін 10 жастағы баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Баланың денесі өзі тұратын үйдің ауласынан табылған. Денесінде зорлық-зомбылық іздері болмаған. Полиция фактіні растады.
«28 сәуір күні Ерейментау ауданында кәмелеттік жасқа толмаған, 2015 жылы туған баланың денесі табылды. Алдын-ала дерек бойынша бала суицид жасаған. Қылмыстық іс тіркелді», - деді Ақмола облысының Полиция департаменті.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Баланы әкесі тауып алған. Отбасында төрт бала болған.