Белгілі әнші Ақбота Керімбекова Ләйлә Сұлтанқызына сұхбат беріп, жеке өмірінен сыр шертті. Өзінің сәтсіз некелеріндегі өкінішін айтты, деп жазады turkystan.kz.
«Мен әлсіз болып, иілуім керек пе еді?.. Иілгенде де, тізгінді ер-азаматқа беруім керек еді. Енді әйелміз ғой, аш отырса үйде отыра алмаймын, жыбырлап өзім істеп кетемін. Алдына түсіп аламыз. Кішкентайымнан өзімнің тірлігімді өзім істеп қалғанмын. Бәлкім сол кезде ақшаны қай жақтан болса да тап деп еркелеп отыра беру керек пе еді? Егемендік алып, арпалысып жатқан кезде бойжеттік қой», – дейді әнші.