«Қақшаңдап жүріңдер»: Жанар Айжанова жастарға ақыл айтты

Бүгін, 10:37 / Інжу Әлихан
скриншот

Белгілі әнші Жанар Айжанова «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында жастық шақты жарқыратып өткізу керегін айтып, жастарға кеңес берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Жастық шақта жайнап жүру керек. Кәрілік өзі жайнатпайды. Менің айтар тілегім күліп, жарқырап жүріңдер. Шешем «иықтарыңды сілкіп, қақшаңдап жүріңдер» деген. Өмір жасың келген кезде басатын нәрсесін өзі басады. Қара шашың ағарады, қақшиып тұрған белің бүкірейеді. «Неге жайнап жүрмейсіңдер» деп ұрысатын және миға құйып тастайын. Сондықтан жастық шақтың қадірін білу керек», - дейді Жанар Айжанова.

Тэгтер:

жастар Жанар Айжанова ақыл