Әнші Ерке Есмахан ерлер қауымынан сыйлық алып, өзіне назар аударту үшін не істеу керегі жөнінде оқырманының сұрағына жауап берді.
Ерке Есмахан Instagram желісінде сұрақ-жауап айдарын ашып, оқырманынан келген сұраққа жауап берді. Желі қолданушыларының бірі әншіден сыйлық беруді күйеуіне қалай үйретуге болатынын сұраған.
"Қыздар, расын айтқанда, еркекті үйретіп керек емес. Олар бәрін өздері-ақ біледі табиғаттан. Нені қалай жасау керегін.
Қолымнан келмейді, гүл сыйлай алмаймын, мен ондай еркек емеспін, ақшам жоқ деген нәрсе өтірік.
Сондықтан жарты жолға келгенде, үйт-бүйт дей алмайсыз-ау. Фокусты өзіңізге бұрыңыз, өзіңіз өсіңіз. Жақсы көрген адам темпіңізге ілеседі", - деп жазды Ерке Есмахан.