Қостанайда көшеде жалаңаш жүгірген әйел ұсталды

28 сәуір, 2025 / Өтей Торғайұлы
Фото: alau.kz

Қостанайда тырдай жалаңаш әйел адам көшеде жүгіріп жүрген, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy-ына сілтеме жасап.

Ол тұрғындар мен полицияның назарын еріксіз өзіне аударды.

Полиция қызметкерлері тәртіп бұзушыны қолға түсірді. Сараптама қорытындысына сәйкес, әйел адамның алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болмағанын көрсетті.

«Мастану белгілерінің болмауына байланысты және әйелдің денсаулығы мен қауіпсіздігіне байланысты одан әрі тексеру және қажетті медициналық көмек көрсету үшін психиатриялық мекемеге жіберілді», - деп хабарлады Қостанай облыстық полициясы.

Тэгтер:

Полиция Қостанай Әйел тыр жалаңаш