Қарқаралының ұлттық табиғи паркін шарпыған өрт сөндірілді

28 сәуір, 2025 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Қарағанды облысында Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында үлкен өрт сөндірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

27 сәуір күні таңертең Қарқаралы ауданының Айнабұлақ ауылынан 20 шақырым жерде Бақты орман шаруашылығы ауданында құрғақ шөп жанған. Өрт ауданы 40 гектарды құраған. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің, Экология және табиғи ресурстар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылды.

«Құтқарушылардың жедел қимылдауының арқасында өрт сөндірілді. Өрт себебі анықталып жатыр», - деді ТЖМ баспасөз қызметі.

Өрт себебі 10 күн ішінде қызметтік тексеріс қорытындысы бойынша анықталады.

Тэгтер:

өрт Қарқаралы ұлттық табиғи парк