Зардап шеккендер бар: Алматыда автобус пен троллейбус соқтығысты

28 сәуір, 2025 / Інжу Әлихан
скриншот

Алматы қаласында автобус аялдамада тұрған троллейбусқа соғылды.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Бостандық ауданында болған.

«Жол-көлік оқиғасы сағат 11:45–те Абай даңғылы мен Розыбақиев көшесінің қиылысында болды. Автобус аялдамада тұрған троллейбуске келіп соғылды. Салдарынан 13 адам түрлі дене жарақатын алды. Жол апаты бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасында тергеу басталды», — Полицияның ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тэгтер:

Автобус Алматы троллейбус