Сот Шымкенте көшіп келген қандасты рұқсат қағазын алмай жұмыс істегені үшін жауапқа тартқан

Бүгін, 15:22 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қандас мәртебесін алған азаматты жергілікті атқарушы органнан рұқсат алмай, еңбек еткені үшін жауапқа тартқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Іс Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) қозғалған.

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасына сәйкес қандас мәртебесін алған адамға еңбек қызметін жүзеге асыруға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу талап етілмейді.

Осыған байланысты Шымкент қаласы Тұран ауданының прокуроры соттың қаулысына апелляциялық өтінішхат енгізді.

03.02.2025 жылы Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы прокурордың апелляциялық өтінішхаты бойынша бірінші сатылы сот қаулысының күшін жойып, іс тоқтатылды.

Сол арқылы тарихи отанына оралған және «қандас» мәртебесін алған тұлғаның құқығы қорғалды.

Тэгтер:

Шымкент Қандас