Қасым-Жомарт Тоқаевқа өңірдің 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есеп берілді.
Негізгі көрсеткіштер
- Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 507,9 млрд теңгені;
- ауыл шаруашылығы өнімі 97,4 млрд теңгені құраған.
- ШОБ субъектілерінің саны 146,2 мыңға жетіп, 7,7 пайызға артқан.
Басты жобалар
- Жыл басынан бері 12 жаңа өнеркәсіп жобасы іске қосылған. Оның ішінде «GALANZ bottlers» өндіріс алаңының кеңеюі, «Бартоғай ГЭС-28» және Шарын өзеніндегі шағын ГЭС каскадының құрылыстары сияқты ауқымды жобалар бар.
- Құны 2,4 трлн теңгені құрайтын 122 жоба жүзеге асырылып жатыр. Нәтижесінде 36 776 жұмыс орны ашылады.
Қонаев және Алатау қалаларының дамуы
- Облыс орталығында «Smart Qonaev» қаланы басқарудың бірыңғай жүйесі енгізіліп жатыр.
- Алатау қаласының бас жоспарына түзетулер жасау және көлік-инженерлік инфрақұрылымды жобалау жұмыстары басталды.
Білім саласы
- «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 17 білім ордасының құрылысы қолға алынған.
- Үш ауысымды оқу мәселесін шешу үшін мемлекет-жекеменшік әріптестік негізінде 19 мектеп салу жоспарланған. 2025-2027 жылдары 91 оқу ошағында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Президенттің тапсырмалары:
- Қасым-Жомарт Тоқаев Қонаев және Алатау қалаларын, жалпы Алматы агломерациясын дамытуға қатысты барлық белгіленген мақсаттарды сапалы әрі уақтылы орындаудың маңызын атап өтті.
- Президент индустриалды аймақтар мен Аlatau АЭА-ның әлеуетін нығайтуға, сондай-ақ коммуналдық және елді мекендердегі жолдардың құрылысын іске асыруға баса мән беруді тапсырды.