Шығыс Қазақстан тұрғыны үйінде есірткі өсірген

Бүгін, 14:18 / Алуа Арман
polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының полициясы жергілікті тұрғынның үйінен жасыл түсті өсімдіктерді тауып, тәркіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Сараптама нәтижесінде аталған өсімдіктердің құрамында есірткі заты бар екені анықталып, олардың каннабис екені расталды.

Бұған қоса күдіктіден 700 грамнан астам кептірілген марихуана тәркіленді.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті есірткі құралдарын заңсыз өсіру, сақтау және тарату заң алдында қатаң жауапкершілікке әкелетінін ескертеді.

Тэгтер:

Есірткі марихуана Шығыс Қазақстан каннибас