Қазақстан құрамасы дзюдодан Азия чемпионатының финалына шықты

28 сәуір, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

28 сәуірде Бангкок (Таиланд) қаласында дзюдодан Азия чемпионатының соңғы күні өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Соңғы медальдар аралас командалық жарыстарда сарапқа салынады.

Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін бақ сынайды. 1/4 финалда қазақстандық дзюдошылар Моңғолия командасынан жеңіліп қалды.

Жұбаныш белдесуінде Қазақстан Қырғызстаннан басым түсіп, жарыс күнінің финалдық кезеңіне жолдама алды.

Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.

Тэгтер:

дзюдо Азия чемпионаты финал