Meta компаниясы ойлап тапқан жаңа мобильді қосымша – Instagram Edits аз уақыт ішінде хитке айналды. Аталған қосымша іске қосылған алғашқы аптада 7 млн рет жүктелген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ал олардың басты қарсыласы ByteDance компаниясы әзірлеген, бүгінде әлем жұртшылығы көп қолданатын CapCut-ты іске қосылған алғашқы аптада мұндай нәтиже тіркемеген.
Instagram Edits шыққан алғашқы екі күнде iOS-та оны 702,9 мың рет жүктеп алған, апта соңына таман бұл көрсеткіш 7,1 миллионға жеткен (iOS-та 1,2 млн, Android-та 5,9 млн рет жүктелген).
Салыстырмалы түрде қарасақ, CapCut іске қосылған алғашқы үш күнде тек 83,5 мың рет жүктелген.
Instagram Edits қосымшасы App Store-дағы рейтингте топ жарып, «Топ қосымшалар» санатында 1-орында тұр.