Қазақстандық гимнасшылар әлем кубогінде қола жүлде алды

Бүгін, 12:52 / Інжу Әлихан
kazsports.kz

Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңі мәресіне жетті, деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Спортты дамыту дирекциясы мәлімдеді.

Шешуші жарыс күні Қазақстан командасы топтық сында 5 лента жаттығуында үздік үштікті түйіндеді. Команда сапында Жасмин Юнусбаева, Айзере Кенгес, Аида Хәкімжанова, Мадина Мырзабай мен Айзере Нұрмағамбетова өнер көрсетті.

Финал нәтижесі:

1. Қытай – 24.55 балл

2. Польша – 23.00

3. Қазақстан – 22.20

Жекелей сында Айбота Ертайқызы шығыршық жаттығуының финалында 4-сатыға жайғасты.

Тэгтер:

Ташкент гимнастика әлем кубогі