«Атырауда сені ұрып-соғуға дайын тұрады»: Клубтың бұрынғы футболшысы атыраулықтардың темпераменті туралы

28 сәуір, 2025 / Админ
KazFootball.kz. Жоэль Каямба

«Атырау» клубының бұрынғы футболшысы Жоэль Каямба Meta-ratings.kz-ке берген сұхбатында Қазақстанның батысы өңірінде тұратын ерлердің темпераменті туралы сөз қозғады.

«Атырауға шетелдік ойыншы болып барсаң, өзгелер секілді өмір сүре алмайсың. Әлдебіреулер сені ұрып-соғуға дайын тұрады. Егер легионер жергілікті қызбен танысқысы келсе, оған «Мұнда басқа лайық жігіттер жетерлік. Саған өзгелер не керек?» деп айтуы мүмкін. Бұл қала Астана мен Алматыдан айтарлықтай ерекшеленеді», – дейді ойыншы.

«Алайда онда ашық адамдар жетіп артылады. Егер ойыншы «Атырау» сапында ойнаса, онымен жақсы қарым-қатынас құрады. Кейде тіпті есінен адасқандар іспетті жанкүйер болады», – дейді экс-вингер.

Еске сала кетейік, конголық Жоэль Каямба «Атырау» клубы сапында 2024-2025 жылдар ойнаған. Отбасылы. Әйелі оның агенті болып жұмыс істейді.

Тэгтер:

Атырау футболшы атыраулықтар бұрынғы футболшы Жоэль Каямба «Атырау» клубы