Ғалымдар адам тісін өсіруді үйренді – әзірге шошқаның аузында

Бүгін, 12:09 / Ербұлан Қайрат
коллаж: turkystan.kz

Ғалымдар медицинада төңкеріс жасауы мүмкін тәжірибені сәтті жүзеге асырды: олар адам тісін өсіруді үйренді. Алайда әзірге бұл тәжірибе шошқаның ауызында жасалып жатыр. Бұл туралы tufts.edu жазды.

Зерттеушілер алдымен адамның ақыл тісінен алынған жасушаларды алып, оларды шошқаның тіс жасушаларымен араластырған. Осыдан кейін бұл жасушалық қоспа ересек шошқаның аузына орналастырылған.

Үш айдың ішінде тәжірибе керемет нәтиже берді: шошқаның аузында нағыз түбірлі адам тісіне ұқсайтын құрылым өсе бастады. Жаңа тістің ішінде дентин, қан тамырлары, әрі қарай дамитын эмаль да қалыптаса бастаған, яғни бұл – тірі, шынайы тіс.

Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық келешекте тіс протездерін табиғи жолмен алмастыруға мүмкіндік беруі мүмкін. Бірақ адам ағзасында толық сынақ жүргізу үшін әлі біраз уақыт қажет.

Тэгтер:

ғалымдар тіс тіс өсіру ғалым адам шошқа