Қазақстан құрамасы маунтинбайктан Азия чемпионатында екі медаль еншіледі

28 сәуір, 2025 / Алуа Арман
olympic.kz

Қытайдың Гуйчжоу қаласында маунтинбайктан Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасы құрлықтық біріншілікте екі медаль жеңіп алды.

Аралас командалар арасындағы эстафетада біздің құрама екінші орынға ие болды.

Сондай-ақ Денис Сергиенко күміс жүлдені жеңіп алды. Ол кросс-кантри дисциплинасында екінші нәтижені көрсетті.

 

Тэгтер:

Медаль Азия чемпионаты маунтинбайк