Экологиялық заңнаманы бұзған Қытай компаниясына 1 млрд теңге айыппұл салынды

Бүгін, 10:59 / Алуа Арман
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «СИНЬСИН Құрылыс және даму бойынша Қытай компаниясы» ЖШС-ға тексеру жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексеру нәтижесінде экологиялық заңнаманың бұзылғаны анықталды — ІІ санаттағы объектілерге экологиялық рұқсатсыз асфальтбетон қондырғысы мен ұсақтау кешенін пайдалану фактілері тіркелді.

2024 жылғы 21 қарашадағы инспектордың қаулысымен ЖШС Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған қаулы ЖШС тарапынан Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына шағымданумен дауланды.

Соттың 2025 жылғы 4 наурыздағы қаулысымен ЖШС-нің кінәсі анықталып, 1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынды.

Тарап апелляциялық тәртіппен жоғары тұрған сотқа шағым түсірді, алайда 2025 жылғы 10 сәуірдегі апелляциялық инстанцияның қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Тэгтер:

Айыппұл экология Қытай компаниясы