Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық асқынған өңірлер белгілі болды

ашық дереккөзі

Ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық асқынған өңірлер белгілі болды

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев ауыл шаруашылығы саласында жемқорлық асқынып тұрған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы жемқорлық Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында асқынып тұрғаны белгілі болды», - деді ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен селекорлық режімдегі кеңес барысында. Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ғана ауыл шаруашылығы саласы қызметкерлеріне қатысты 28 қылмыстық іс қозғалған. «Егер өткен жылы ауыл шаруашылығы саласында 24 іс қозғалғанын ескерсек, биылғы деректерден жемқорлық қылмыстарды тіркеу фактілерінің біршама арта түскендігін байқауға болады», - деді Алик Шпекбаев. Сонымен қатар ол соңғы 5 жылда елімізде ауыл шаруашылығы саласында бөлінетін субсидия көлемі үш есеге ұлғайып, 8,9 млрд. теңгеден 257 млрд. теңгеге жеткендігін атап өтті. Өткен жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын 30 лауазымды тұлға сотталды. «2016 жылдың қорытындысында ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын 30 лауазымды тұлға сотталды. 380-нен астам тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Парақорлық, ұрлау, лауазымды өкілеттікті асыра пайдалану фактілері айрықша кеңінен тараған», - деді ол «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасында өткен селекорлық режімдегі кеңес барысында. Оның айтуынша, жыл сайын елімізде ауыл шаруашылығын қолдауға бөлінетін қаржы көлемі ұлғайып отыр. «Соңғы 5 жылда бөлінетін субсидия үш есеге ұлғайып, 8,9 млрд. теңгеден 257 млрд. теңгеге дейін жетті. Мемлекеттік қаржыландыру көлемінің артуына байланысты жемқорлық тәуекелдерді тыңғылықты сараптау қажеттігінің туындап отыруы да заңдылық», - деді ол.