Көңіл қосқан қызына 5 млн теңге берген жігіт ақшасын сот арқылы қайтара алмады

Бүгін, 10:27 / Алуа Арман
istockphoto.com

Астаналық азамат интернет арқылы бір арумен танысып, одан кейін «WhatsApp» мессенджері арқылы хат алмасып тұрған, деп жазады turkystan.kz.

Хат алмасу барысында ару денсаулығына байланысты материалдық көмек сұраған. Жігіт Kaspi қосымшасы арқылы, оның телефон нөміріне ақша қаражатын аударған.

Кейін жігіт Астана қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотына 5 млн теңгені қайтарып алу туралы арызбен жүгінген.

Істі қарау барысында тараптар арасында жеке (романтикалық) қарым-қатынастар болғаны анықталды. Осыған орай талап қоюшы материалдық көмекті ерікті түрде көрсеткен. Тараптар арасында қарыз шартына сәйкес міндеттемелердің болғанын дәлелдейтін айғақтар ұсынылмаған. Kaspi сервисі арқылы жүргізілген аударымдарда ақшаны қайтару немесе басқа да міндеттемелер туралы шарттар болмаған.

Сот талапты қанағаттандыруға негіз жоқ деген шешімге келді. Себебі Азаматтық кодекстің 954-бабына сәйкес, қайырымдылық, материалдық көмек немесе сый ретінде берілген ақша негізсіз баю ретінде қайтарылуға жатпайды.

Сот шешімімен талап қоюшының талабы қанағаттандырылмады.

Талап қоюшы сот шешіміне шағым түсіргенімен, Астана қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен шешім өзгеріссіз қалдырылды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Сыйлық Жігіт махаббат көңіл қосу