Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

28 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Бүгін Қазақстанның бір қаласында жайсыз метеорлогилық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет.

-2025 жылғы 28 сәуірде Алматы қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.