Қызылордада бір күнде 10 бала жоғалып кетті

27 сәуір, 2025 / Нұрлан Әлинұр
көрнекі фото: Қостанай ПД

Қызылордада бір тәулікте жоғалған 10 жасөспірім табылып, ата-анасына табысталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бір тәулікте полицияның "102" арнасына 10 жасөспірімнің хабар-ошарсыз кетуі бойынша өтініштер келіп түскен. Тәртіп сақшылары дереу іздестіру шараларын бастап, қала көлеміндегі барлық полиция күштеріне бағыт-бағдар беріліп, белсенді жұмыстар жүргізілді. Нәтижесінде барлық жасөспірім табылып, аман-есен ата-аналарына тапсырылды.

Қала тұрғындары полиция қызметкерлеріне көрсеткен жедел көмегі үшін ризашылықтарын білдіріп, қызметтеріне сәттілік тіледі.

Ювеналды полиция қызметкерлері алдағы уақытта да бала қауіпсіздігі бағытындағы шараларды күшейтіп, қоғаммен бірлесе жұмыс жүргізетіндерін жеткізді.